Төтенше оқиға бүгін сағат 9:20-да Алматы облысы Қарасай ауданында Қайнар және Бекболат кенттері арасында болған.
Құтқарушылар жолаушының денесін жеңіл көліктен алып шықты
627
оқылды

ТЖМ мәліметінше, диспетчерге  көлік ағашқа соғылғаны туралы хабар түскен, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жолаушының денесін авариялық автомобильдің салонынан алып шықты.

Сағат 10:23-те оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды.