Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 350 бірлік техника және 395 жолшы жұмылдырылды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста жол жабылды
Фото: qazaqstan.tv
761
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 5 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді.

Шығыс Қазақстан облысында - жалпы ұзындығы 160 км 1 автожол (қар көшкіні қаупіне байланысты) 

1. "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары", Берел а. -Рахман қайнары. (автокөліктің барлық түрлері үшін) 

Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 118 км 1 автожол. (қар көшкіні қаупіне байланысты) 

1. «Қызылорда-Павлодар» - Ұлытау обл. шек. - Топар ауылы (автокөліктің барлық түрлері үшін) 

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырым 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) 

1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін) 

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 543 шақырым 2. автожол (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі) 

1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к. - Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін) 

2. «Кызылорда-Павлодар» - Жезқазған қ. - Қарағанды обл. шек. 

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 350 бірлік техника және 395 жолшы жұмылдырылды.