Республикалық маңызы бар автожолдардың бүкіл желісі бойынша шектеу 744 шақырымға немесе бүкіл желінің 2,98%-на қолданылады.
Ұлытау облысындағы жайсыз ауа райына байланысты 4 жол жабылды
840
оқылды

10 наурыз сағат 8.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 118 шақырым 1 автожол:

(Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Қызылорда-Павлодар»  Ұлытау обл. шек-Топар к.

(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 шақырым 1 автожол:

(Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл»  Ұлытау обл. шек-Арқалық қ.

(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 543 шақырым болатын 2 автожол:

(0-ден төмен температурадағы жаңбыр, көктайғақ)

1. «Жезқазған-Петропавл»  Жезді а-Қостанай обл. шек.

2. «Қызылорда  Павлодар» -Жезқазған қ.-Қарағанды обл. шек.

(автокөліктің барлық түрлері үшін)

«Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмыс істеп жатыр»,  деп жазды ҚазАвтоЖолдан.