Бүгін таңғы сағат 6.00 шамасында 112 пультіне "Алматы-Өскемен" республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөліктің бұзылғаны және адамдарды эвакуациялау талап етілетіні туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шақыру орнына келгеннен кейін жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ақаулы жеңіл автокөліктен 4 адамды құтқарып, Қалбатау ауылына жеткізді.
Медициналық көмек қажет болмады.