Әнші Мақсат Базарбаевтың "Музарт" тобынан кеткеніне 20 жылға жуық уақыт өтіпті.
Бет жыртысып кетпедік - "Музарт" тобының бұрынғы әншісі
4,356
оқылды

Бұл туралы өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында айтты,-  деп жазады Aikyn.kz.

Ол қазір өнердің ортасынан ұзамағанын да жеткізді. Алматы қаласында "Алматы әуендері" ұжымында жұмыс істейді екен.

"Мемлекеттік қызметтемін. Өнерді бала кезден бастадым. 1998 жылы сахнаға шығып бастадым. 2001 жылға дейін "Бауыржан шоу" театрында әнші, актер болдым. 2001 жылы "Музарт" тобын құрдым. Топтың аты 6 айға дейін қойылмады. Үштік болдық. Ең алғаш "Сенің көзің" деген әнді жаздырдық. Арамызда Мейрамбек Бесбаев көшбасшы болды. Онымен бірге ән айтқаныма бақыттымын. Жігіттермен әлі күнге араласамыз. Бет жыртысып кетпедік. Қандай қуаныш, қайғы болмасын - біргеміз. Байланыстамыз", - деді Мақсат Базарбаев.