Ертең шешуші жекпе-жек өтеді.
Олимпиада жолдамасына бір табан жақындады: Алуа Балқыбекова Италияда Оңтүстік Корея боксшысын жеңді
Фото: Бокс федерациясы
1,269
оқылды

Алуа Балқыбекова Италияда өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

50 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан боксшымыз,  әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері 1\8 финалда Оңтүстік Корея елінің өкілі Джухюнг Чонмен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша, Алуа 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

Ертең отандасымызды ширек финалдық жекпе-жек күтіп тұр.

28 жастағы боксшымыз бұған дейін Чехияның жас боксшысы Клаудиа Тотовамен кездесіп, 3 раунд бойы айқасты өз бақылауында ұстап, жеңіске жеткен болатын.