Алдағы күндері республика бойынша жел күшейіп, тұман шөгеді, көктайғақ болады деп күтілуде.
«-20 градус суық»: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: priroda.club
21,263
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 12-14 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ресми мәліметке сәйкес, ел аумағында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты таяудағы екі тәулікте тұрақсыз ауа райы сақталады.

12 наурыз күні Павлодар және Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. 12-13 наурыз күндері Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл сондай-ақ Алматы облыстарында да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.   

Республика бойынша жел күшейіп, тұман шөгеді, көктайғақ болады деп күтілуде. 

Қазақстанның кей өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде термометр бағаны -2-12 градусқа төмендесе, күндіз 6 градус аяз болады деп болжанған.