ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.
Серік Төленбергенов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
684
оқылды

Серік Төленбергенов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды», - делінген қаулыда.

Серік Төленбергенов 1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищесін, Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америкалық университетін, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1995 жылы жеке ұйымда бухгалтер болып бастаған.

1997-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Семей облысы және Өскемен қаласы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеді.

2000 жылдан 2009 жылға дейін — жеке құрылымдарда.

2009-2010 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім басшысы.

2010-2011 жылдары — Риддер қаласы әкімінің орынбасары.

2011-2012 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

2013-2014 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

2016-2019 жылдары — басқарма басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2019-2020 жылдары — "Бәйтерек" ҰБХ басқарма төрағасының кеңесшісі.

2021-2022 жылдары жеке құрылымда жұмыс істеді.

2022-2023 жылдары — коммуналдық кәсіпорын директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты.

2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Абай облысы әкімдігі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы.