Статистикаға сүйенсек, жыл сайын қоқыс үйінділері 4,5 млн тоннаға артып отырады екен.
Белсенділер: Қоқысыңызды өзіңізге қайтарамыз
539
оқылды

 

Біз тұратын мекен – кербез табиғатымен әлемді тамсандырған елдің бірі. Әр аймақ маңын байтақ дала атырабы, өзен-көл, таулар, киелі мұраға толы өлке қоршап жатыр. Алайда статистикаға сүйенсек, жыл сайын қоқыс үйінділері 4,5 млн тоннаға артып отырады екен.

Егер әр қазақстандық артынан өз қоқыстарын тазалап, қоршаған ортаға қамқорлық танытса, табиғат сұлулығы мен қала тазалығын сақтап қала аламыз. Қазір қалаларымыздың қоқыс астында қалып кету қаупі жоғары. Мысалы, жыл басынан бері Астанада 338 заңсыз қоқыс алаңы есепке алынған және қоқыстың 100 мың тоннасы ғана жойылған болатын. Елестетіп көрсек, бұл 5556 қала автобусқа пара-пар деген сөз.

 «АntiTrash» жобасы елорда тұрғындарына өздерінің сүйікті және отбасылық демалыс орындарының болашағын айқын көрсете алды. Жаңа адамддар белсенділері Қайыңды, Көлсай, Бурабай және Қазақстанның басқа да табиғи көрікті жерлері бейнеленген қалалық баннерлерге астаналықтардың терезелерінің астына жиналған заңсыз қоқыс үйінділерін жабыстырды. Біз жақсы көретін және мақтанышпен қарайтын дүниелердің бәрі қоқыс астында қалатыны тек уақыт еншісінде. Стихиялық полигондар әркімнің есебінен қалыптасады, күн сайын көрінген жерге қоқыс пакеттері тасталынады. Бұған жол бермеу үшін өзіңізді тәртіпке, мәдениетке үйретіп, қоқысты сұрыптауға тырысу керек.

– Бізге ой-санамызды өзгерту керек, себебі бұл – өз еліміздің сұлулығы мен табиғатын сақтап қалудың бір жолы. Өзгергісі келмейтіндерді және Қазақстанды тұрмыстық қалдықтармен толтыруды жалғастыратындарға бірінші және соңғы рет ескертеміз. Біз сіздерді тауып, барлық қоқсығыңызды дәл үйіңіздің немесе жұмыс орныңыздың есік алдына дейін қайтаруымыз мүмкін, –дейді белсенділер.