Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте, орталықта көктайғақ күтіледі.
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 14 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
976
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 14 наурызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, солтүстікте, шығыста, орталықта қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, Түркістан, Жамбыл, оңтүстікте таулы аудандарда, Алматы облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте, орталықта көктайғақ күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында шаңды дауыл болады.