Криптовалюта нарығында тағы бір толқу басталды. Жыл басынан бері биткоин құны 67 пайызға өсіп 73 000 доллардан асты. Бұның себебі неде?
Bitcoin бағасы 100 000 долларға дейін өседі
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Mark Garlick /Science Photo Library
3,080
оқылды

Биылғы жылы криптовалюта керемет өсім көрсетті. Әлемдегі ең танымал криптовалютаның жылдам өсуін Aikyn.kz кеше Quartz сайтында жарияланған мақалаға сілтеме жасап түсіндіреді.

Иллюстрация cryptopolitan.com сайтынан алынды

Қаржыгерлер биткоинның жылдам өсуін АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының (SEC) қаңтарда споттық Bitcoin ETF қорларын мақұлдағанымен байланыстырады. Биткоин бағасына байланған бұл биржалық қорлар инвесторларға криптовалютаны тікелей сатып алу тәуекелдерінсіз Bitcoin ойынына кіруге мүмкіндік берді. Бірақ бұндай шешім әлі де инвесторлар арасында талас тудыруда.

Криптовалютаның соңғы 3 айдағы керемет өсімі (биткоин құны 73 000 доллардан асты) әлемдегі қаржы нарығында тәуекелі аз құралдардың азайғанын, инвесторлардың өз қаржыларын салатын көздерді іздеуін көрсетеді.

Cпоттық Bitcoin ETF қорлары осы жылы АҚШ-та сауда жасай бастағаннан бері нарыққа 6 миллиард доллардан астам ақша түскен. Олардың ең үлкені, Grayscale Bitcoin Trust қаңтар айынан бастап 48% өсті. Бұндай өсім қашанға дейін жалғасуы мүмкін?

Графика stormgain.com сайтынан алынды

Крипто сарапшылар биткоин құны жақын айларда 100 000 долларға жететініне сенеді. Криптовалюта әлеміндегі көрнекті тұлға және биткоиннің идеологиялық негізін жасауға көмектескен мамандардың бірі Адам Бэк:

«Биткоин сейсенбіде (12 наурызда) 73 000 доллар болды. Ешкім ештеңе айтқан жоқ. Сәрсенбі күнінің көп бөлігін 73 мың доллардан жоғары өткізді. Менің ойымша, биткоин құнының 100 мың долларға жетуі бірнеше жылға кешіктірілді. 100 000 долларды белгілеңіз», – деген жазбаны X (Twitter) әлеуметтік желісінде сәрсенбіде (13 наурызда) қалдырған.

Бағаның ұзақ көтерілу нарығы мүйізбен бейнеледі. Иллюстрация news.bitcoin.com сайтынан алынды

Биткоиннің өсуіне АҚШ-тағы Cпоттық Bitcoin ETF қорларына рұқсат берумен қатар  сауда жасауға рұқсат берілуі де әсер етуде. Бұған қосымша биткоин бағасының көтерілуіне сәуір айында Bitcoin өндіру бойынша сыйақының екі есеге қысқаратыны (halving) да себеп болуы мүмкін.

Бірақ криптовалюта нарығы алға жылжуын тоқтатқан емес. Биткоинге байланысты бұрынғы сәтсіздіктер бұл қаржы құралын жақсырақ реттеу қажеттілігін көрсетті және криптовалюта әлемін өте сақтықпен жұмыс істеуге үйретті.

Бұл видеода он жыл бұрын биткоинды арзан бағаға сатып алып, бүгінде долларлық миллионер болу мүмкіндіктері жайлы айтылады:

Қазір біз криптовалюта нарығының үздіксіз эволюциясын, технологиялық жетістіктері мен мемлекеттер тарапынан институционалдық қолдауды көріп отырмыз. Алдағы өсу тенденциялары да прогрессивті реттеудің ашықтығына байланысты болмақ.