Алматы қаласының Бостандық ауданында апат салдарынан жылумен жабдықтау тоқтатылды.
Алматы тұрғындары жылусыз қалды
1,183
оқылды

Коммуналдық кәсіпорынның хабарлауынша, Розыбакиев – Малахов – Каблуков – Штраус көшелерінің бойындағы үйлер мен ғимараттар жылусыз және ыстық сусыз қалған,  деп жазды Aikyn.kz.

Ресми ақпарат бойынша, апаттың себебі  – магистральды жылу желісі учаскелерінің бірінде штаттан тыс жағдайдың туындауы.

"2002 жылы пайдалануға берілген диаметрі 700 мм құбырдың ақаулы учаскесін шұғыл ауыстыруды "Алматы жылу желілері" ЖШС авариялық бригадасы жүргізуде",  делінген жергілікті әкімдіктің мәліметінде.