Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.8.
Алматыдан 257 шақырым аумақта тағы жер сілкінді
Фото: adyrna.kz
1,362
оқылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 17 наурыз күні сағат 00:04-де жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.8. MPV магнитудасы – 4.5. Жер сілкінісінің координаттары – 41.36° с. б. 78.78° ш. б. Тереңдігі – 15 км.

Қазақстан аумағында cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.