Сүйреткіш сымарқанмен жалғанған жүк планерлері әуетасымалын арзандата алады. Ұшақтың артына тіркелген мұндай планер үлкен көлемдегі жүктерді тасымалдауға арналған.
Әуетасымалын екі есе арзандататын қозғалтқышы жоқ ұшақ жасалды
Фото Aeroline компаниясының ресми сайтынан алынды
2,797
оқылды

Мамандарды таңғалдырған қарапайым әдіс туралы newatlas.com сайты кеше жазды. Қазіргі  ұшақтардың жүк көтергіштігінен 2-3 есеге ұлғайтатын планерлерді қолдану мүмкіндігін Aikyn.kz америкалық онлайн басылымға сілтеме жасап талдайды.

Фото Aeroline компаниясының ресми сайтынан алынды

Батыс Техаста орналасқан компания әуе жүктерінің құнын 65%-ға азайтудың таңғаларлық қарапайым әдісін тапқанын мәлімдеген. Олар ұшақтардың жүк көтергіштігін бірнеше есе арттыратын үлкен автономды жүк планерлерін шағын ұшақтармен сүйреуді ұсынады.

Бұл идея жаңа емес – жүктерді қозғалтқышы жоқ планерлермен тасымалдау Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскерлер мен техниканы майдан даласына сүйретіп, сол жерге қондыру кезінде пайдаланылды. Ол кезде қону нәтижелері де әртүрлі болатын, кейде апатты жағдайлар да болатын.

Жақында АҚШ-тың Әуе ұтқырлығының қолбасшылығы бірінің артында бірі 900-1 800 м қашықтықта ұшқан C-17 Globemaster III ұшағының екіншісі алдыңғы ұшақ қалдырған құйындармен «сырғанап» ұшуды сынаған. Бұл үйректердің тізіліп ұшып, энергияларын үнемдеу формасына ұқсайды. Сынақтың нәтижесінде айтарлықтай отын үнемдеуге болатыны анықталған.

Фото Aeroline компаниясының ресми сайтынан алынды

Бірақ Техастағы Aerolane стартапы жетекші ұшаққа қарапайым сүйреткіш болат арқан арқылы қосылған арнайы жасалған, автономды жүк планерлерін пайдалану арқылы үнемдеу әлдеқайда перспективалы екенін көрсетті. Қозғалтқыш жүйелерінің, жағармайдың болмауы планерге үлкен салмақ үнемдеуге көмектеседі. Планерде пилоттың кабинасы болмайды, тек жүкке арналған орындар мен ұшуды басқарудың автономды жүйелері орнатылады.

Алдыңғы ұшақ «жүк тасымалдаушыны» ұшу-қону жолағы бойымен жеңіл планер сияқты сүйретіп әуеге көтереді. Қажетті биіктікке көтерілген соң планер жетекші ұшақтың ізімен автономды түрде ұшудың ең оңтайлы траекториясын таңдайды. Қонғанда да жетекші ұшаққа байланған күйде оның артына қонады немесе жетекші ұшақтан бөлініп басқа ұшу-қону жолағына қона алады.

Соңғысы вариантта планерге арнайы мемлекеттік реттеуші органдардан лицензия алу мен техникалық рұқсатнама алу міндеттелуі мүмкін. Bloomberg мәліметтері бойынша, Aerolane компаниясы АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігі (FAA) оны кәдімгі серуендеге арналған планерлер сияқты қарастыруы керек деп санайды. FAA бұған қалай қарайтынын әлі де белгісіз.Aerolane жүк планерлерінің прототиптерінде әлі де қозғалтқыштар мен винттер бар, бірақ жетекші ұшақтың құйынды ізін максималды тиімділікпен қолдануға арналған автопилот жүйесі бар. Бүгінде компания жоғарыдағы видеода көрсетілгендей «автоматтандырылған жүк планерінің» екі прототипін 2022 жылдан бері пайдаланып келеді.

Біріншісі – салмағы 450 келі болатын Pipistrel, екіншісі – өте батыл көрінетін жетілдірілген Velocity SE. Екеуі де ұшақтың артындағы құйынды іздерді тиімді қолдану үшін арнайы жасалған Aerolane автопилот жүйесімен жабдықталған.

Фото Aeroline компаниясының ресми сайтынан алынды

Әзірше, екі планерде де қозғалтқыштар орнатылған, бірақ Aerolane жеңіл материалдардан қозғалтқыштары жоқ ұшақтар жасауды бастауға рұқсат алу үшін FAA-мен жұмыс істеуде. Алғашында 3 тонналық жүк планерін, одан кейін 10 тонналық нұсқасын жасау жоспарланған.

Компания бұл жұмысын бастау үшін шамамен 11,5 миллион доллар жинаған және 2025 жылы планердің алғашқы нұсқасын толық ұсынбақшы. Бұл планерге әлі тұтынушылар табылған жоқ, дегенмен тапсырыс үлгілері сынақтан өткеннен кейін жаңа ұшақ түрлері жүк тасымалы саласында зор қызығушылық туғызады деп болжануда.