Президенттің сыйлығын Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасына жариялады.
Ерке Есмахан Тоқаевтың Раимға берген сыйлығын көрсетті
952
оқылды

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдері – блогер, актер, әншілермен кездескен болатын. Әнші Ерке Есмахан президенттің Раимға қандай сыйлық тарту еткенін көрсетті,  – деп жазады Aikyn.kz.

Президенттің сыйлығын Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Кеше президенттің сыйлыққа не бергенін мен көрсетпесем, Раим көрсетпейді. Сол үшін маған "жарайсың" деп қойыңыздар", – деп жазды Ерке Есмахан.

Әнші жариялаған суреттен блокнот пен қаламды және мемлекеттік елтаңбасы мен Qazaqstan деген жазуы бар сағатты, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық хатын көруге болады.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдері – блогер, актер, әншілермен кездесті. Олардың арасында Ирина Кайратовна, Raim, Ерболат Беделхан және тағы басқа өнер жұлдыздары мен блогерлер болды.