Алматы қалалық Білім басқармасы осы оқиғаға қатысты түсінік берді.
Алматыда балабақша ішінде жүрген егеуқұйрықтар видеоға түсіп қалды
Фото: видеодан кадр
1,115
оқылды

Алматыда балабақша ішінде жүрген егеуқұйрықтардың видеосы тарады. Бейнежазбадан егеуқұйрықтар балалар ұйықтайтын бөлмеде жүргенін көруге болады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алматы қалалық Білім басқармасы осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Балабақшада қажетті дезинфекциялық және дератизациялық шаралар жүргізілді. 20 наурызда басқарма балабақша қызметіне мониторинг жүргізу үшін комиссия құрды, оның қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады», - делінген хабарламада.

Ведомство аталған нысанда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тексеру жүргізіп жатқанын атап өтті.