Саңырауқұлақтағы дәрумендер вируспен күресе алады.
Мамандар саңырауқұлақтың иммунитетті көтеретінін айтты
pexels.com
1,438
оқылды

Диетолог Кара Лидон айтуынша, саңырауқұлақтарда вируспен тиімді күресуге көмектесетін дәрумені бар. 

"Мысалы, саңырауқұлақтарда селен бар. Бұл микроэлементтің жетіспеушілігінен иммундық жүйе ағзаға енетін вирустармен күресе алмай қалады.  Тіпті, ол зерттеулер арқылы дәлелденген", – дейді ол.

 Оған қоса, диетолог лидон саңырауқұлақтарында рибофлавин мен ниацин көп екенін айтты. Оның сөзінше, олар да иммундық жүйенің жұмысында маңызды рөл атқарады.

"Әртүрлі қоректік заттардың жетіспеушілігі, яғни А, С, Е, В, Д дәрумендері, селен, мырыш, темір, мыс және фолий қышқылы жетіспеуі ауруға бейімділікті арттырады", – деді  Кара Лидон.

Сонымен қатар  диетолог иммунитетті нығайту үшін қырыққабат, сарымсақ, сұлы жармасы, бадам жеуге кеңес берді. Өйткені осы өнімдерде аурумен күресуге көмектесетін дәрумен көп. Сондай-ақ осылар аурудың алдын алуға да көмектеседі.