Астанада түнде де, таңертең де тұманнан көз ашпайды.
Еліміздің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
www.pexels.com
6,729
оқылды

Синоптиктер ертең, 23 наурызда Қазақстанның 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. 

Атап айтсақ, Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында тұман басады. Ұлытау облысының шығысында түнде де, таңертең де  тұманданады. Ал Қарағанды облысының шығысы мен оңтүстігі сондай болмақ. 

Сонымен қатар  Атырау мен Маңғыстау облыстарында тұман болатыны көрсетіліп отыр. Жел екпіні де қатты болады. Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі. Ал Астанада түнде де, таңертең де тұман болмақ.