Олар көшеге ойнауға шығып, үйлеріне оралмаған.
Маңғыстау облысында бір отбасының үш баласы жоғалып кетті
957
оқылды

Маңғыстау облысында бір үйдің үш баласы жоғалып кетіп, түнгі уақытта бір-ақ табылды. Бұл туралы Aikyn.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Маңғыстау облысының ТЖД-на  2024 жылғы 23 наурызда сағат 20.30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Ұлдар 2012, 2014, 2018 жылдары туған.

«Іздестіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

24 наурыз күні сағат 03.40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағында шаруашылық құрылысында табылды. Медициналық көмек қажет болмады», делінген хабарламада.