Ертең бес боксшы шаршы алаңға шығады.
«Жібек жолы» турнирі: Қазақстан құрамасындағы 4 боксшы жарыстан шығып қалды
Фото: gov.kz
2,104
оқылды

Бакуде (Әзербайжан) бокстан халықаралық «Жібек жолы» турнирі басталды. Бүгін алты қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, олардың екеуі ғана келесі айналымға өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 48 келідегі Теміртас Жүсіпов пен 92 келідегі Сағындық Тоғамбай қарсыластарынан басым түсті. Жүсіпов әзербайжандық Тұралы Сариевті жеңсе, Тоғамбай тағы бір жарыс қожайыны Фуад Жафаровты техникалық нокаутпен жеңді. 

Өкінішке қарай, төрт салмақтағы боксшыларымыз бірінші айналымда сүрінді. Дамир Әбдіқадыр (51 келі) ирандық Мэхди Парвизиге, Серік Теміржанов (63,5 келі) әзербайжандық Руслан Рустамовқа, Тимур Нұрсейітов (75 келі) өзбекстандық Әлішер Аюповқа, Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) ресейлік Рамазан Карнукаевқа есе жіберді. 

Ертеңгі жарыс күнінде Қазақстан атынан Тимур Қабдешов (54 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Бахтияр Смағұлов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі) және Бекзат Таңатар (86 келі) сынға түседі.