«Ұлы Жібек жолы» турнирінің екінші күні – 25 наурызда шаршы алаңға Қазақстан атынан үш боксшы шығатыны хабарланған болатын.
Талғат Сырымбетов Бакудегі халықаралық турнирді сәтті бастады
Фото: Бокс федерациясы
1,377
оқылды

Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бүгін, 25 наурызда шаршы алаңға Талғат Сырымбетов шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Талғат Сырымбетов Бакудегі бәсекені сәтті бастады.

Талғат – шаршы алаңда қу боксшы. Кейде ринг ортасын қарсыласына әдейі беріп қойып, өзі оны айналшықтап жүріп ұруға тырысады. Венгриялық Марк Адольф Балоқпен кездескен ол қарсыласын еш қиындықсыз жеңді, тіпті, қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберді. Осылайша жерлесіміз жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, «Ұлы Жібек жолы» турнирінің екінші күні – 25 наурызда шаршы алаңға Қазақстан атынан үш боксшы шығатыны хабарланған болатын. Ал кеше екі отандасымыз жеңіске жетті.