Кешегі жарыс күнінде Қазақстан командасының төрт боксшысы қарсыласқа жол берді.
Қазақстан құрамасындағы бес боксшы Бакудегі турнирдің жартылай финалына өтті
Фото: ҰОК
1,932
оқылды

Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирі жалғасып жатыр. Қазір Қазақстан сапынан бес боксшы жартылай финалға өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Баку шаршы алаңында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Бекзат Таңатар (86 келі) және Сағындық Тоғамбай (92 келі) жеңіліссіз келеді. 

Еске сала кетейік, кешегі жарыс күнінде Қазақстан командасының төрт боксшысы қарсыласқа жол берді.