Ол жерді отбасында зорлық-зомбылыққа тап болып, барар жері, басар тауы қалмаған әйелдер паналайтын болады.
«Бақытты отбасына арналған»: Баян Алагөзова әйелдерге арналған орталық ашты
Фото: informburo.kz
8,884
оқылды

Продюсер Баян Алагөзова әйелдерге арналған оңалту орталығын ашты. 

Ол жерді отбасында зорлық-зомбылыққа тап болып, барар жері, басар тауы қалмаған әйелдер паналайтын болады. 

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашатынымды көптен бері айтып жүрмін. Орталық дайын. Жақында жұмысын бастайды. Қоғамның көзқарасын өзгертіп, әйелді қорлауға жол бермеу үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек. Бұл бақытты отбасына арналған орталық болмақ. Орталық үлкен, жарқын, жайлы, жүзге жуық әйелді қабылдауға дайын. Бізде жетекші мамандар, яғни ең жақсы психологтар, заңгерлер, медицина қызметкерлері, тәрбиешілер, оқытушылар жұмыс істейді. Барлық әйелді қалай құтқаруға болады? Білмеймін, бұл мүмкін емес шығар. Бұл мәселеге қатысты қоғамның ойы мен көзқарасын өзгертуге болады. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ», - деп жазды продюсер Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде.

Баян Мақсатқызы оңалту орталығына енесінің, яғни Тұрсен Алагөзовтың анасының атын бермек.

«Оңалту орталығымыздың аты – «Клара». Бұл – менің жұбайымның анасының есімі. Мен Клара анамыздың бізге көктен қарап, игі істерге батасын беретініне сенемін», – дейді продюсер.