Жаңа америкалық көліктерде жеке деректер құпия сақталмайды. Көлік жасаушы компаниялар азаматтардың жеке деректерін жинап, оларды маркетингтік мақсатта басқаларға сатып жібере алады.
Жаңа көліктер өз иесін қалай аңдиды?
Жаңа көліктер иесін толықтай бақылай алады. Фото trashbox.ru сайтынан алынды
2,122
оқылды

Технологиялық компаниялар адамдардың жеке деректерін долларға оңай айналдыра алатыны туралы материалды дүйсенбіде (25 наурыз) Quartz сайты жариялады. Aikyn.kz бұның қаншалықты қауіпті екенін америкалық сайтқа сілтеме жасап түсіндіреді. 

Иесінің жеке деректері мен ақпаратын жинап, сатуда олар шешуші рөл атқара бастады. Фото sb.by сайтынан алынды

Заманауи гаджеттер пайдаланушылар туралы барлық ақпаратты жинап, ең жоғары баға ұсынған сатып алушыға бере алады. Жаңа көліктер осындай деректерді сатушылардың қатарында аталуда. Иесінің жеке деректері мен ақпаратын жинап, сатуда олар шешуші рөл атқара бастады. Жаңа көліктер осылайша иелерінің іс-әрекеттерін аңдиды деуге болады.

CNBC автомобильдердің жеке мәліметтерді жинау мүмкіндіктерін зерттеп, Америка Құрама Штаттарында көлік иелерінің құқықтары мен жеке деректері  мүлдем қорғалмаған деген қорытынды жасаған. Кейбір штаттар өз тұрғындарының қорғауға күш салғанымен, өндірушілерге өз пайдасы үшін ақпаратты жинауға және сатып пайда табуға рұқсат етілген.

CNBC қорытындысында көптеген автомобиль өндірушілері қажетсіз деректерді бөлісуден бас тарту опцияларын ұсынатынын, бірақ бұл параметрлер мәзірлерде жасырылып қоятынын жазады. 2030 жылға қарай бұндай деректерді сатудан өндірушілер 250 миллиард доллардан 400 миллиард долларға дейін жылдық табыс табуы мүмкін екені болжануда.

Жаңа көліктің құпиялылықты сақтау функциясымен танысу керек. Фото Freepik сайтынан алынды

«Автокөлік компаниялары жинайтын, олар басқалармен бөлісетін және сататын жеке және көлік ақпаратының көлемі адамды А нүктесінен В нүктесіне қауіпсіз жеткізуге қажет мөлшерден асып түседі. Және жағдай нашарлап барады», – дейді Mozilla Foundation компаниясының құпиялықты зерттеушісі Джен Калтридер. Mozilla-ның қыркүйек айындағы есебінде 25 негізгі автокөлік бренді тұтынушылардың құпиялылығын нашар деп бағалаған. Баяндамада «автокөлік – біздің бұған дейін зерттеген өнімдер ішінде құпиялылықты сақтамайтын ең нашар өнім» делінген.

Көлік жүргізу кезінде деректерін құпия сақтағысы келетін тұтынушылар үшін оңай жауап жоқ. Деректеріңізді толық сақтаудың бір ғана жолы бар – жеке деректерді жинай алмайтын ескі көлік сатып алу.

Екінші жол – жаңа көлік сатып алмас бұрын автоөндірушінің құпиялылықты сақтау тәжірибесімен танысу. Бұл ақпаратты автоөндірушінің веб-сайтында немесе компания атауы, құпиялылық және қосылған көлік (желіге, интернетке қосылған) сияқты кілт сөздерді пайдаланып ғаламтордан табуға болады. Мысалы, кейбір компаниялар өздерінің құпиялылық саясатында тұтынушы деректерін сатпайтынын көрсетеді, бірақ бұл олардың үшінші тараптарға бермейтінін білдірмейді. 

Адамдар бөліскісі келмейтін жеке ақпаратты көліктер жинай алады. Фото kolesa-darom.ru сайтынан алынды

Counterpoint Technology Market Research мәліметтері бойынша, 2030 жылға қарай сатылатын жеңіл көліктердің 95%-дан астамы интернетке қосылатын болуы мүмкін. Бұл автокөлік өндірушілеріне қауіпсіздік, болжамды техникалық қызмет көрсету және болжамды техникалық қызмет көрсетуге қатысты мүмкіндіктерді ұсынуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл сонымен қатар компанияларға көлік жүргізу әдеттеріне қатысты деректерді, сондай-ақ адамдар бөліскісі келмейтін басқа да жеке ақпаратты жинауға, бөлісуге немесе сатуға зор мүмкіндік ашады.Автоөндірушілер мен тұтынушылар үшін ең жақсы сценарий – Apple сияқты жеке деректердің құпиялылығын сақтау тәжірибесін қолдану. Жақында америкалық авто индустрияның көшбасшы компаниясы General Motors өздерінің клиенттерінің жеке деректерін басқаларға беруді тоқтатқаны жарияланды.

General Motors таратқан баспасөз мәлімдемесінде «клиенттердің сенімі біз үшін басымдылық болып саналады және біз өз процестеріміз бен құпиялылық саясатымызды белсенді түрде бағалаймыз» делінген.

Автомобиль өндіруші компаниялар жеке деректерді жинамау оларды тартымды ететінін түсіне бастаған сияқты. Өйткені жойқын бәсеке дәуірінде олар жұртшылық алдында өз беделін түсіретін іске бармайды деп сенейік.