Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, су басуға қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Министр елдегі су тасқынына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: видеодан кадр/тжм
946
оқылды

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқынына байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министр су тасқынына қатысты жағдай бақылауда екенін айтты.

«Кеше республика бойынша су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты министрліктің барлық бөлімшесі күшейтілді. Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, су басуға қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қосымша күштер мен құралдар ең күрделі аймақтарға бағытталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында жедел желі телефоны жұмыс істейді. Қазіргі уақытта су тасқыны салдарын жою бойынша жедел ден қоюдың барлық қажетті шаралары қабылданып жатыр», - деді Шыңғыс Әрінов.