Google компаниясы Нью-Йорк қаласында жаңа офисін ашты. Жаңа кеңсе өзінің көлемі мен жабдықталуымен таңғалдырады.
Кеңсе қызметкерлеріне бәрі тегін (видео)
Google-дің штаб-пәтерін тегін курортпен салыстырған. Фото newyorkyimby.com сайтынан алынды
1,972
оқылды

Манхэттенде орналасқан жаңа кеңсені курортпен салыстырған Businessinsider сайты ғимараттың ерекшеліктерін жазды. Бұл материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz технологиялық алпауыт Google-дің өзінің қызметкерлеріне жасаған жағдайын талдайды.Сент-Джон терминалының сыртқы көрінісі. Фото newyorkyimby.com сайтынан алынды

Нью-Йорктің ең қымбат Манхэттен ауданында орналасқан ауданы 120 мың шаршы метрден асатын бұл ғимаратты Google 2022 жылы 2,1 млрд долларға сатып алған. Ғимаратты қайта жөндеп, жабдықтауға тағы 250 млн доллар жұмсаған.

12 қабатты Сент-Джон терминалы 1930 жылдардағы теміржол вокзалының үстіне салынған. Жаңа офис биылғы жылдың ақпан айында берілді.

Офисті аралап көрген Businessinsider сайтының журналисі оны керемет ыңғайлы кеңсе емес, барлық қызметтер тегін көрсетілетін сауықтыру курорты деп баға берген. Енді осы «технологиялық курорттың» ішкі әлемімен бірге аралайық. 1. Үлкен зал. Нью-Йорктегі Google-дің жаңа штаб-пәтерінің кіреберісіндегі Үлкен залдың жұмыс аймағы таңғаларлық кеңістікті алып жатыр. Залдың өте биік төбелері, жайлы жиһазы ерекше көңіл күй сыйлады. Офиске келген қонақтарды қарсы алуға арналған кеңістікте орналасқан кафеде барлық тағам мен сусындар тегін беріледі.Офистің Үлкен залы. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Madeline Park

2. Ерекше дизайнмен жасалған офисте қызметкерлер үшін толық жабдықталған спортзалдар бар. Ғимараттың біршама бөлігі демалыс орталығына арналған. Йога бөлмесі, жекпе-жек студиясы, жеке жаттығу алаңдары, тіпті нұсқаушыларға жеке кабинеттер сияқты ыңғайлы жағдайлар жасалған.Қызметкерлерге арналған толық жабдықталған спортзалдар. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Madeline Park

3. Офисте намаз оқитындарға арналған аяқ жуу бөлмесі де бар. Аяқ жуу бөлмесінде отыруға арналған шағын орындық және таза сүлгілер бар.Намаз оқитындарға жағдай жасалған. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Madeline Park

4. Массаж және сауықтыру кабинетінде толығымен жаңа жабдықтар қойылған. Бөлмелерде әртүрлі перкуссиялық және компрессиялық терапия құрылғылары бар.Массаж және сауықтыру кабинеті. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Madeline Park

5. Google, Android және YouTube өнімдеріне толы арнайы дүкен бар. Дүкендегі футболкалар ($30), курткалар (~$100), стакандар (15 доллар) және балалар кітаптары бар. Google брендімен жасалған үй жануарларына арналған керек-жарақтар да осында.Google-дің жаңа офисінде дүкендер де бар. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Madeline Park

6. Google-дің жаңа офисінде көптеген асхана жұмыс істейді. Мұндай шағын асхана кеңістіктерінде кофе әуесқойлары үшін құны 20 000 доллар тұратын La Marzocco эспрессо машинасы, талғампаз адамдарға арналған 6 000 долларлық цифрлық кофе қайнатқыш, жаңа піскен жемістерге және жеңіл тағамдарға толы жәшіктер қойылған.

Жаңа Google кеңсесіндегі асханалар – мұнда жұмыс істеудің басты артықшылығы мен тартымдылығын көрсетеді.

Мұндай кафетерийлерде барлық талғамдағы адамдар үшін, тіпті вегетариандар үшін де тағамдардың мол ассортименті  бар. Олардың барлығында ас тегін беріледі. Қызметкерлерге тамақ та, сусын да тегін. Ал Google-ге олардың тек таланты, миы керек.Бұрышта 20 000 доллар тұратын La Marzocco эспрессо машинасы. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Madeline Park

Тегін асханалар. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Madeline Park

7. Жуынатын бөлмелер 12-қабатта орналасқан. Онда Нью-Йорк қаласының керемет көрінісін ашатын еденнен төбеге дейінгі терезелері бар ерлер мен әйелдерге арналған ванна бөлмелері бар. Жуынатын бөлмелер өз алдына ыңғайлы. Ванна бөлмелерде әйелдік бұйымдарға арналған диспенсерлер және толық бойыңды көрсететін айналар қойылған.Ыңғайлы жуынатын бөлмелер. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Madeline Park

8. Коуоркинг кеңістіктері. Мына коуоркинг кеңістігі  ROYGBIV  деп аталады – кемпірқосақ түстерінің аббревиатурасы: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Google мұндай коуоркинг аймақтарын әртүрлі «аудандарға» немесе кеңсе аймақтарына таралатындай етіп жобалаған. Қызметкерлерде бекітілген жұмыс орындары жоқ, олар көптеген ортақ коуоркинг кеңістіктерін пайдаланды. 

Жаңа Google кеңсесіндегі коуоркинг кеңістіктер белгілі бір тақырып бойынша жобаланған. Төбелер мен әдемі безендірілген кеңістіктер қызметкерлерді үйлерін тастап, кеңсеге келуге шабыттандырады.

Google-дің қоғамдық кеңістіктері. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Madeline Park

9. Google-дің жаңа кеңсесінің тағы бір артықшылығы атақты Гудзон өзеніне шығатын көріністері. Сент-Джон терминалының кеңсесі тікелей Гудзон өзенінің бойында орналасқан. Сент-Джон терминалындағы Google кеңсесінің үлкендігі сонша, оны толықтай зерттеуге көп уақыт керек. Кеңсе әрқашанда қызметкерлер мен келушілерге толы. Гудзон өзені. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Google

Адамдар көп болса да Google қызметкерлердің бірлескен энергиясын, тиімділігін және жақсы көңіл күйін арттыру үшін барлығына жеткілікті орын да, жағдай жасаған сияқты. 

Мұндай кеңсені көрген адам «осында жұмыс істесем, бұл жерге күнде келгім келер едім» деуі әбден мүмкін. Адамның білімін, қабілетін сатып алуды, оның жұмысқа деген ынтасын арттырудың жолдарын технологиялық компаниялар жақсы біледі.