Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 861 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Алматыдан 861 шақырым жерде 5,7 магнитудалық жер сілкінісі болды
Фото: adyrna.kz
13,204
оқылды

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 28 наурыз сағат 15:55-те жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмологтердің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 861 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.3. MPV магнитудасы – 5.7. Жер сілкінісінің координаттары – 36,78° с.б. 71,26° ш.б. Тереңдігі – 120 шақырым.

Қазақстанда сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.