Оның ішінде 2 800 бала бар.
Аймақтардағы су тасқыны: 8 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетті
940
оқылды

ТЖМ-да  30 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Қазақстандағы су тасқыны туралы есеп берілді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Республикалық штабтың бақылауында 7 облыс бар – Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары.

Су тасқыны басталғаннан бері 7 783 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Оның ішінде 2 800 бала бар. Уақытша орналастыру пункттерінде 3 131 адам, оның ішінде 1 093 бала орналастырылды.

"ТЖМ, Қорғанысмині, ҰҚК және Ұлттық ұланның әуекемелерімен 644 адам құтқарылды, оның ішінде  – 236 бала.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 3,5 млн. м3 астам еріген су сорылды, 300 мыңнан астам қапшық және 45 тонна инертті материал төселді", – делінген хабарламада.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 6 000-нан астам адам, 3 000 техника және ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК және Ұлттық ұланның 12 әуекемесі жұмылдырылған.