Кабирхан – 4 жастағы асылтұқымды жылқы.
Кабирхан әлем кубогында жүлдесіз қалды
Фото: instagram.com/racingdubai
11,242
оқылды

Әйгілі қазақстандық сәйгүлік Кабирхан Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен әлем кубогында бақ сынады. Аталған жарыста ол жүлделі орыннан көріне алған жоқ, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бәйгеде жетінші нөмірмен сынға түскен Laurel Rival сәйгүлігі жеңіске жетті. Ал Кабирхан негізгі топтың арасында мәре сызығын кесіп өтті. Ол бәйгеде мәре сызығын тоғызыншы болып қиды.

Әлем кубогына дүниежүзінің көптеген елінен сан алуан бәйгеде топ жарған жүйріктермен бәсекеге түсті.

Айта кетсек, халықаралық ат спорты федерациясының ресми мәліметіне сәйкес, әлемде 450 мың жүйрік ат бар. Оның ішінде 200 мың жылқы үнемі әлемдік жарыстарға қатысады. Бұл туралы «Республикалық зауыт жылқылары тұқымы палатасы» президенті Талғат Жайсанбаев айтты.

Кабирхан – қазір 4 жастағы асылтұқымды жылқы. Әкесінің есімі Калифорния Хром, енесінің есімі Литтл Эмили. Калифорния Хром Кентукки дербиінен бастап, Бридерз Капке дейінгі АҚШ-тың көптеген беделді ат бәйгесінің жеңімпазы. Негізі Кабирхан АҚШ-та өмірге келген, 1,5 жасында Кинэленд аукционында сатылған.