Бишімбаев жәбірленушілер мен марқұмның туыстары, ата-анасы отырғанын айтып, олардың алдында кешірім сұрады.
Бишімбаев сотта Нүкенованың өліміне қатысы бар екенін мойындап, туыстарынан кешірім сұрады
Фото: Halyq Uni
6,113
оқылды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы барын мойындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Halyq Uni-не сілтеме асап.

Бишімбаев жәбірленушілер мен марқұмның туыстары, ата-анасы отырғанын айтып, олардың алдында кешірім сұрады.

«Кәнім жоқ» немесе «айыпты мойындамаймын» деген мәлімдемемді түсіндіргім келеді. Мен әйелім Салтанатты аса қатыгездікпен, мақсатты түрде өлтірді деген айыпты мойындамаймын, – деді Бишімбаев.

Бишімбаев жауап беріп жатқан кезде Нүкенованың анасы сотталушыға қарата "қызымның түрін көрген жоқпын, қатыгездікпен өлтірген жоқпын деп қалай айта аласың", "сен оны 8 сағат бойы өлтірдің" деп айтты.

"Мені жек көрулеріңізге болады, мені қарғауыңызға болады. Жаратқанның алдында, сіздердің де алдыңызда жауап беруге дайынмын. Салтанатты жақсы көрдім. Оның өліміне қатысым бар екенін мойындаймын. Тағылған айыпты мойындамауым менің бұл іске қатысым жоқ екенін, кінәлі емес екенімді білдірмейді. (...) Кез келген жазаны қабылдауға дайынмын, бірақ өзімді қорғауым керек", – деді Бишімбаев.