Бишімбаев Нүкенова бала көтере алмай жүргендіктен, емшіге көрінгенін айтты.
Бишімбаев Нүкенованың неге емшіге барғанын айтты
1,341
оқылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі екеуі неге емшіге қаралғанын айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

"Бұл 9 наурызда емес, одан бұрын болған. Біз балгерге емес, қазақша айтсақ, емшіге бардық. Салтанат бала көтере алмай жүрді. Емші тек   таңғы сағат  6-10 аралығында қабылдай алатын. Кезек көп болатын. Салтанатқа таңертең ояну қиын еді, сондықтан сағат 5-те оятуға тура келді. Әйтпесе, ерте келмесек, мүлдем үлгермейтін едік. Мен де, ол да балалы болғысы келді, өкінішке қарай болмады",  деді Бишімбаев.

Сондай-ақ Бишімбаев адвокаттың "Салтанатты құрбыларымен сөйлесуге тыйым салдыңыз ба?" деген сұрағына жауап берді.

"Мүлдем олай емес. Ешқашан сөйлесуге тыйым салған емеспін. Ол үнемі "бұрынғыдай болмайды" деп тынып жүрді. Мен күнде  сағат 10-да жұмысқа кетіп, 7-8-ге қарай оралып жүрдім. Сол аралықта ол (еск - Нүкенова) кездесуіне, жұмысына баратындай уақыт болды. Мен оған ылғи "Өтінем, Салта құрбыларыңмен кездес, тек нешеде келетініңді айт" дейтінмін",  деді күдікті.