«АМАNАТ» партиясы Атырау облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті.
Атырауда бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті
901
оқылды

Жиында партияластар сай­лауал­ды бағдарламаның орын­далу барысын талқылап, халық­тың талап-тілектерінің шешілуі, пар­тиялық жобаларды жүзеге асы­рудағы тәжірибелерімен бө­лісіп, алдағы партиялық жұ­мыс­тың мақсат міндеттерін пы­сық­тады. 

Облыстық партия филиа­лы­ның төрағасы Абдолла Идресов жиын­да партияның негізгі күші боп саналатын бастауыш ұйым­дар­дың рөлі, сайлау нау­қан­да­рын­дағы партияластардың қол­дауына ерекше тоқталып өтті. Атырау облыстық мәслиха­ты­ның депутаты, «Бірлік» БПҰ-ның төрағасы С.Идрисов сай­лау­шылармен тығыз байланыс ор­натуда бастауыш партия ұйым­­дарының рөліне ерекше тоқ­­талып өтті. 

– «2023 жылы азаматтардан 1 055 өтініш келіп түсті. Негізгі сұ­­рақ­тар оқуға қабылдау ере­же­сі, жатақханаға орналасу, оқу ақы­сына жеңілдіктер, басқа жоғары оқу орындарына ауысу, ма­гист­ра­тураға түсу, академиялық де­ма­лыс, өтініш журналға тірке­ліп, тиісті жауап берілді. Барлық сұ­рақтар шешімін тапты», – дей­ді Саламат Идрисов. 

Облыстық партия филиалы тө­рағасы Абдолла Идресов, «Бүгінде облыста 106 бастауыш партия ұйымына біріккен 27 мыңнан астам жуық мүшесі бар. Пар­тиялықтардың халықпен ты­ғыз қарым-қатынас орнату мін­­деті өз нәтижесін беруде. Соң­­ғы екі айдың қорытындысы бо­йын­ша өңірде қоғамдық қа­был­дауға келіп түскен өтініштің 40 пайызы оң шешімін тапты», – деп атап өтті. Ал «Қарызсыз қо­­ғам» жобасы аясында дәл қа­­зір­ге дейін облыстың 1 037 аза­маты қаржылық сауатты­лы­ғын арттырған. Атырау об­лы­сын­да «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 1,5 млрд теңгеден аса сомада 192 тұл­ғаға мақсатты несие беріл­ген­дігі де айтылды. Сонымен қатар партияның «Жер аманаты» жо­басы аясында 2027 жылға дейін өңірде пайдаланылмай жат­қан жалпы көлемі 470 мың гек­тар жер мемлекет меншігіне қай­тарылмақ. Бүгінгі күні жеке­ге заңсыз өткен 225 мыңнан аса гектар жер телімдері мемлекет-ке қайтарылғандығы белгілі болды. 

Ал бастауыш партия ұйымы­ның төрағасы Мәди Бексеитов «Дос­сормұнайгаз» партиялық жо­баларды іске асыру аясындағы тәжірибесімен бөлісті.

Форум соңында 2023 жыл қор­­­­тындысы бойынша 9 бас­тауыш партия мүшелеріне ал­ғыс­хат табысталды.

Берік БЕК