«Апат айтып келмейді» деп жатамыз. Дегенмен биылғы су тасқынын іс жү­зінде «айтып келді-ау» деуге де толық негіз бар.
Қызыл су құрсауындағы Ақмола
836
оқылды

Бейқам жатқан жұртты зар илеткен биылғы көктемнің ауыр зардаптарынан қазір елдің барлық аймағында аса күрделі. Бірнеше ауылдар суға кетіп, жолдар мен көпірлер шайылып, қол­дағы бар малы суға ағып кетіп жатқанда билік те, халық та еш қайран қы­ла алмады. «Тасқынға тосқын боламыз. Тастүйін сақадай сай әзірміз» деп «сайраған» облыс әкімдіктері мен Төтенше жағдайлар министрлігінен бас­тап, жергілікті ведомстволардың айтқан сөзінің қарғын судың деңгейі кө­теріліп, су ауылдарды тұтастай басқан шақта көпе-көрнеу жалған екені ай­дан анық көрінді...

Су тасқынының ауыр зардабын тартып жат­қан аймақтардың бел ортасында Ақ­-мо­ла облысы да бар. Қазір облыстағы жағдай аса күрделі. Бірнеше елді мекендер қарғын су­дың астында қалып, баспана-ларының іші­не дейін су кетті. Жолдары да суға кетіп, сырт­қы әлеммен байланысы мүлде үзіліп жат­са, бір жағында омбы болып үйілген қа­лың қардың әлі көбесі де сөгілмей, «қа­шан басталар екен!» деп нали күтіп жат­қан­дар да баршылық. 

Қыс бойы көктемгі су тасқынына әзір­лік жұмыстарының «ойдағыдай» өткізіліп жат­қанын басқалар сияқты Ақмола облы­сы­ның да аудан әкімдіктері мен төтенше жағ­дайлар қызметі жоғарыға жеткізіп бақ­қан. Облыста биылғы көктемгі су тасқы­ны­на бөлінген қаржының көлемі де аса қо­мақты. Миллиондар емес, бұл жолы об­л­ыста көктемгі су тасқынынан елді ме­кен­дердің «құрғақ» шығуы үшін бақандай 2 миллиард 239 миллион теңге бөлінген. Был­тырмен салыстырғанда 77 пайызға көп бол­ған. Жергілікті аудан және қала әкім­дік­тері облыс бойынша су тасқынының ал­дын алу мақсатында жергілікті атқарушы ор­гандар мен төтенше жағдай қызметі бір­ле­сіп, 18 588 метр су арнасы тереңдетіліп, бұ­зылды, аласарған 8 мың метрден астам бө­гендерді нығыздап бекітіп, 58 дана су өт­кізу құбырлары салынды, 2 мың ша­қы­рым­нан астам жолдың жиектері бекітілді де­ген мәлімет берген. Мәселен, облыстың тө­тенше жағдай қызметі су тасқыны бас­талмай тұрып, ақпан айының басында жур­­­налистерге берген төмендегі мәлімет-те құ­зырлы органның су тасқынына сақа-дай сай әзір екенін де білдірген. 

«Қазір мердігер ұйымдармен су тас­қы­ны қаупі бар он ауданның аумағындағы 15 өзен учаскелерінде 20 мың метрден астам ау­мақта мұз жарылыстарын өткізіп қалың мұз­ды әлсірету жұмысын жүргізуге келі­сім­шарт жасалды. Елді мекендер аумағы-нан 486,5 мың текше қар шығарылды. Аймақ­тар­да 236 мың тоннадан астам жанармай, 21,8 мың тонна құм және басқа да инертті ма­териалдар, 81,7 мың бөген қаптары әзір­лен­ді. Қазіргі уақытта аталған бағытта жұ­­­­мыстар жалғастырылып жатыр. Өңір ау­ма­ғында реттелетін Астаналық, Селеті және Шағалалы ірі су қоймалары бар. Онда қазір су қоры деңгейі 67,8-72,5 пайыз шамасында болып отыр. Төтенше жағдайлар де­пар­та­­мен­тінің күш құры-лымдарының жеке құ­ра­мында 398 адам, 73 техника бірлігі, 10 жүзу құралдары, 82 мотопомпа бірлігі бар. Тек­серіс қоры-тындысы бойынша, көктемгі мүм­кін болар су тасқынына азаматтық қор­ғаныс жүйесі әзір», – деген еді Ақмола об­лысы Төтенше жағдайлар департамен­ті­нің басшысы Қанат Доспаев. 

Облыстағы тасқын судың орны толмас жағ­дайға алып келуі мүмкіндігін AIQYN га­зеті өткен сандарында да бірнеше мәрте ес­керткен-ді. Бірақ іс жүзінде облыстың тү­гелге жуық аудандарының елді мекен-­де­рін­де қасат қардың шығарылмай, өзен ар­на­лары мен арықтардың тазартылмай, апат­тық жағдайға жеткен гидротехникалық құ­рылымдардың жөнделмей, күре жолдар мен ауыл іші жолдарының аршылмай қалуы­ның салдарынан өңірде елді мекен­дер­­дің қарғын судың ортасында қалып, қа­рапайым халықтың ауыр шығынға ба­тыр­ған. 

Өңірдегі ахуалды жіпке тізсек, жағдай төмендегідей. Күні кеше Елорданың тап ір­гесіндегі Қояндыда қардың уақытында шы­ғарылмауы салдарынан ондаған үй суға кетіп, ашынған халық күре жолдың бойы­на кесе-көлденең шығып, наразылық біл­дір­ді. Халықтың жайын түсініп, алдымен тас­қын судан арашалаудың орнына заңды бұ­зып, жолға шығып жанжал көтерген жұрт­қа айыппұл салынды. 

Облыс орталығы Көкшетауда арнасы еш уақыт тазаланбай, түбі қамыс пен қо­қыс­қа толған Қылшақты өзені тасып, қа­ла­ның вокзал маңы және элеватор аудан­дарын­да ондаған үйлер мен әлеуметтік маңы­зы бар нысандар су астында қалды. Тө­тенше жағдайлар қызметімен арқырап ақ­қан суға бөген қойылғанымен, оның өзін су басып кетті. Салдарынан, аталған аудан­дағы су басқан үйлерде қалған 300-ге жуық адам эвакуацияланды. Үйлерді су шай­ған­дықтан тұрғын үйлер электр жарығынан, жылу мен судан ажыратылды. 

Өңірдің аудандарында да жағдай аса күр­делі. Жылда су шайып халқы әбден тас­қын судан жапа шегетін Атбасарда жыл­дағыдай Ынтымақ көшесі тұтастай суда қал­ған. Әзірге көп жерде қалың қардың әзір­ге мұрты бұзылмаған. Осы ауданға қа­расты Сочинское ауылы да жылдағыдай қы­зыл судың ортасында қалып, іс жүзінде «арал­ға» айналған. Қазір Біржан сал ауда­нына қарасты Көдебас, Еңбек, Зеренді ау­да­нында Алексеев, Жаманащы стансасы сияқ­ты бірнеше ауылдар сыртқы әлеммен қаты­нассыз қалды. 

 

P.S. 

Өңірде қалың боп жатқан қар әлі толық ерімегенін ескерсек, әлі қандай «тосын сыйдың» күтіп тұрғанын ойлаудың өзі қорқынышты. Тасқын суға бюджет қоржынынан миллиардтар бөлінгенімен, іс жүзінде ел бойынша, оның ішінде Ақмола облысында да арнайы қорлар ашылып, халық тағы да әдеттегідей өз-өзін құтқару үшін жылу жинай бастады. Тендермен миллиондар бөлініп, мердігер компаниялардың мұрттары майланғанымен, ауыл тұрғындары өз күштерімен тасқынмен күресіп жатыр. Арнайы техника мен күш құрылымдарының жетіспеушілігі өкінішке орай тағы сезіліп тұр. Тасқын су көктемде ойранымызды шығарғанымен, жылдағыдай жаз уағында өзен-көлдеріміздің суала бастағанын да байқаймыз. Ауылдарда мал ішер су таппай, бақташылықпен айналысқандар су іздеп кететіні және бар. Қателіктен сабақ алып тасқын суды ежелден ағатын арналарын тауып, су қоймаларын тереңдетіп, өзен-көлдерімізге жібермесек, істің оңала қоймасын іш сезеді. Қыруар қаражаттың қайда кетіп жатқанының іс жүзінде тексерілмейтіні де өкінішті... 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы