Су тасқынына қарсы жұмыстарға полиция ведомствосының 648 техникасы жұмылдырылған.
Су тасқыны: ІІО-ның 4,5 мың қызметкері құтқару жұмыстарына жұмылдырылды
727
оқылды

Су тасқыны кезінде еліміздің полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күн сайын республика бойынша қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кіріседі. Оның ішінде ішкі істер органдарының 4,5 мың қызметкері қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарына қатысып жатыр.

Сонымен қатар су тасқынына қарсы жұмыстарға полиция ведомствосының 648 техникасы жұмылдырылған. Тәртіп сақшылары тұрғындарды эвакуациялап, үй жануарларын қауіпсіз жерге шығарып, судың өтуін алдын алып, бөгеттер орнатуда. Су басқан үйлерде тонау фактілерін болдырмау мақсатында тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды.

Полиция азаматтардан құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысына түсіністікпен қарауды сұрайды.