Эпицентр Алматыдан шығысқа қарай 108 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Алматы облысында жер сілкінісі болды
Коллаж: adyrna.kz
20,025
оқылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2 сәуір күні сағат 08:56-да жер сілкінісін тіркеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 108 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,1. MPV магнитудасы 4.4. Жер сілкінісінің координаттары – 43,13° с.е. 78,23° ш.б. Тереңдігі  15 шақырым.

Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.