Президенттің ұшағында бәрі бақылауда. Жақында президенттің күзет қызметі №1 борттан бірнеше зат ұрланғанын анықтаған.
Президентпен бірге іссапарға шыққан журналистер оның ұшағынан бірнеше зат ұрлаған
Фото: istockphoto.com
2,399
оқылды

Жақында BBC News басылымы президенттің баспасөз пулына кіретін журналистердің №1 ұшақтан бірнеше зат ұрлағаны туралы жазды. Британдық басылымның материалына сілтеме жасаған Aikyn.kz келеңсіз оқиғаның мәнін түсіндіреді.АҚШ-тың №1 борты. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images

Президенттің сапарларынан репортаж жасайтын журналистерден мұндайды ешкім күтпегені белгілі.  АҚШ-тың №1 бортындағы заттарды түгендеу кезінде ұшақтың журналистер отыратын бөлігінде бірнеше заттың жетіспейтіні анықталады.

Бұдан кейін Ақ үйдің тілшілермен жұмыс істейтін қауымдастығы да АҚШ президенті Джо Байденнің ұшағынан заттардың ұрланғанын айтып, журналистерге ресми ұшақтан кәдесыйлар ұрлауды тоқтатуды өтінген хат жолдаған.

Бұл оқиға Байденнің ақпан айында АҚШ-тың Батыс жағалауына жасаған сапарынан кейін Американың Air Force One бортын инвентаризация жасау кезінде басталған. Ұшақтан жоғалып кетті деп болжанған заттардың арасында президенттің мөрі бар жастық қаптары, көзілдірік және алтын рамкалы табақтар бар. Ақ үй баспасөз қызметі наурыз айында журналистерге ұшақтан заттарды рұқсатсыз алуға тыйым салынғанын ескерткен. АҚШ Президентінің №1 бортындағы жиын. Фото The White House сайтынан алынды

Кейде журналистерге кәдесый ретінде президент мөрімен безендірілген M&M шоколадтарының шағын пакеттері беріледі. 2016 жылы Барак Обаманың президенттік мерзімінде берілген осындай кәдесыйларды әлі сақтап жүрген журналистер де бар екен.

Аттарын атамауды өтінген тілшілер президенттің ұшағының логотипі бар заттарды, соның ішінде ас құралдары мен сүлгілерді алу көптеген жылдар бойы журналистерге әдетке айналғанын айтқан. 

Президенттің ұшағында бәріне орын табылады. Фото The White House сайтынан алынды

«Америка дауысы» радиосының Ақ үйдегі тілшісі Миша Комадовский президент ұшағындағы сапарларынан коллекция жинаған.

«Мен бұл коллекцияны жинау арқылы ешкімді ұятқа қалдырған жоқпын немесе ешқандай заңсыздық жасаған жоқпын», – дейді ол BBC News-ке  Air Force One логотипімен безендірілген кішкентай су ішетін қағаз стақанды көрсетіп.

Комадовскийде де Байден қол қойған бір қорап президенттік шоколад бар. «Спойлер туралы ескерту. Бұл жақсы қораптағы кәдімгі M&M», – дейді ол.

Ақ үй Air Force One ұшағын «аспандағы президент кеңсесі» деп атайды. Boeng 747-200B негізінде жасалған әуекемесі әлемдегі ең үлкен ұшақтардың бірі, үш қабатты ұшақтың ауданы 372 шаршы метр.

№1 бортта кең президент апартаменті, әуеде ұшып бара жатып ота жасайтын үстелі бар медициналық пункт, конференц-зал мен асхана, бір уақытта 100 адамға тамақ әзірлеуге болатын екі асүйі, VIP, қауіпсіздік және баспасөз, президент көмекшілеріне арналған арнайы бөліктер бар.Журналистерге кәдесый ретінде президент мөрімен безендірілген M&M шағын пакеттері беріледі. Фото BBC News сайтынан алынды

Қазіргі заманғы авионика мен қорғаныстың арқасында АҚШ президентінің ұшағы әуе шабуылына төтеп беретін әскери ұшаққа көбірек ұқсайды. Ол сондай-ақ әуеде жанармай құюға қабілетті, бұл оның жерге қонбай ұзақ уақыт ұшуына мүмкіндік береді. Мұндай техникалық сипаттар төтенше жағдайларда өте маңызды.

Air Force One сонымен қатар ұшақтың мемлекетті мобильді басқару орталығы ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қауіпсіз байланыс құралдарымен жабдықталған.

Ресей президентінің ұшағында. Фото ru.rbth.com сайтынан алынды. Авторлығы: Алексей Никольский / Sputnik

Бортта 85 телефон, екіжақты радиостансалар жиынтығы мен компьютерлік желілер бар. Ұшақтың алдыңғы жағында президент, ал журналистер ұшақтың артқы бөлігінде отырады.

Ұшақ үш қабаттан тұрады, спортзалмен жабдықталған, бортында әрқашан дәрігерлер болады. Бірақ Air Force One-ға президентпен бірге сапарға шығу процедурасы өте қиын. Президент ұшқан кезде сапарға тек 13 журналиске ғана ілесіп жүруге рұқсат етілген.

BBC Солтүстік Америка редакторы ретінде президентпен жиі ұшатын BBC тілшісі Джон Сопелдің айтуынша, Air Force One ұшағынан орын алу оңай емес. Тілші америкалықтар үшін жұмысқа ұшақпен бару британдықтар үшін жұмысқа автобуспен немесе пойызбен барғандай дейді. Журналистер ұрлауы мүмкін президент мөрімен безендірілген жастықтың тысы. Фото BBC News сайтынан алынды

Президенттің ұшағымен ұшуды сипаттамас бұрын Джон Сопел «көпіршік» пен «бассейннің» не екенін түсіндіреді. Бассейн деп президентпен бірге сапарға шығатын журналистер тобын атайды екен. Ұшақтағы орын шектеулі болғандықтан, журналистер тобы 13 адамнан тұрады. Барлық жаңалықтар материалдар бір уақытта таратылады және шығарылады, сондықтан олардың арасында ешқандай бәсекелестік артықшылық болмайды.

Ал «көпіршік» деп журналистерді, олардың жабдықтарын толық тексерістен өткізіп, арнайы бөлмеде жиналуын айтады. Олар президенттің ұшағы үшін қауіпсіз, герметикалық жабық өріспен қоршалғандай күй кешеді. Көпіршіктің ішінде журналист «таза» деп аталады. Көпіршіктің сырты «лас». 

АҚШ президентінің №1 ұшағының сызбасы. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторлығы: White House, US Air Force, agencis

Сонымен, ұшатын күн болғанда 13 журналист президент тұрған қонақүйге жиналады. Оларды жеке сөмкелері мен шамадандарын ит иіскейді, содан кейін екі қауіпсіздік қызметкері әрбір жүкті ашып, барлығын мұқият тексереді. Содан кейін журналист металл іздегіштерден өтіп, автобусқа отырады. Ары қарай әуежайға дейін олар президент кортежімен бірге жүреді.

Бұдан былай журналистер «көпіршіктің» ішінде деп саналады. Олармен бірге арнайы қызметтен қарулы жігіт тағайындалады.

Оны «ерегісшіл» (wrangler) деп атайды және ол қойларды қарауылдайтын итке көп ұқсайды. Журналистер тобымен Ақ үйдің баспасөз атташесі де бірге жүреді. Ол қажет кездерде: «Пресс-пул, біз басқа жаққа көшеміз!» деп айқайлап тұрады. АҚШ-тың №1 бортындағы журналистерге арналған бөлікке келіп, президенттер тілшілерге  сұхбат та береді. Фото Getty Images агенттігінен алынды 

Журналистерге «көпіршіктен» шығуға қатаң тыйым салынған. Сапар барысында тек президенттің ресми тобымен бірге жүруге болады.

Мұндай жауапты сапарлардан журналистердің алатын жүлдесі – АҚШ президентінің мөрі басылған және фотосымен бірге безендірілген Air Force One эксклюзивті қорапшалары. Сондай-ақ әрбір журналиске мемлекеттің №1 ұшағының бортында президенттің қонағы болғаны туралы кеме командирінің қолы қойылған куәлік табыс етіледі.