Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында – тұман.
Тұман түсіп, найзағай ойнайды: ауа райына байланысты 7 өңірде ескерту жарияланды
Фото: pexels.com
2,122
оқылды

Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Атырауда да түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында – тұман. Қостанайда да түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде – тұман. Петропавлда да түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп болжанады. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстын соққан желдің 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, қатты жел тұрады. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі деп болжанады. Павлодарда да түнде және таңертең тұман түседі.