Өзен жағасынан зейнеткер мініп кеткен жылқының өлексесі табылған.
ШҚО-да жоғалып кеткен адамның денесі өзен жағасынан табылды
Фото: freepik.com
815
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында өзен жағасынан адам мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұған дейін ер адамның туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін айтып хабарласқан.

«4 сәуірде Қатонқарағай ауданының полиция қызметкерлеріне Берел ауылының 68 жастағы тұрғыны Бұқтырма өзенінен мал айдап өтіп бара жатқанда жоғалып кеткені жайлы хабар түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында азаматтың мәйіті табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,  делінген ақпаратта.

Өзен жағасынан зейнеткер мініп кеткен жылқының өлексесі табылған.