Бас прокуратура Айжан Аймағанованың атынан Instagram-да жалған парақша ашылғанын хабарлаған еді.
Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова өзіне қатысты мәлімет жариялады
Фото: instagram.com/zhakiti
1,747
оқылды

Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Instagram-да жеке парақшасын ашқанын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Қайырлы күн! Мен, Айжан Аймағанова, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісімін. Қазіргі уақытта қоғамда резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша айыптауды қолдаймын. Әлеуметтік желілерде менің атымнан фейк аккаунттар ашылып жатқанына байланысты мен жеке аккаунтымды жалпыға қолжетімді етуді шештім. Instagram-дағы жеке аккаунтым zhakiti деп аталады. Мен пост жазбадым, бірақ мүмкіндігінше ашық және пайдалы болуға тырысамын», - деді ол.

Бұған дейін Бас прокуратура Айжан Аймағанованың атынан Instagram-да жалған парақша ашылғанын хабарлаған еді.