Жол апатына тап болғандардың айтуынша, Ford Focus көлігінің жүргізушісі мас болған.
Алматыда мас жүргізушінің кесірінен үш көлік соқтығысты
719
оқылды

Алматыда 7 сәуірде таңертең Бөкейханов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында үш көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Ford Focus жүргізушісі бір мезетте рульге ие бола алмай, солға бұрылып бордюрге соғылды. Осылайша, ол Рысқұлов даңғылы бойында бір қырымен тұрып қалып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Осылай тұрған оның бір бүйіріне Рысқұлов көшесімен шығыс бағыттан келген Subaru көлігі келіп соғылды.

Zakon.kz жазғандай, Subaru қатты соққыдан жол жиегін бөліп тұрған темірге барып соғылды, оның артынан іле-шала Daewoo Nexia көлігі келіп соғылды. Жаңбырлы күнгі тайғақ жолда жүргізуші тоқтап үлгермеген сияқты. Салдарынан Subaru жолды бөліп тұрған темірді сындырып, оған "мұрнымен" қадалды. Сондай-ақ Ford Focus та соққы салдарынан сол темірге барып соғылды.

Жол апатынан Subaru көлігінің жолаушысы зардап шегіп, ол шұғыл ауруханаға жеткізілді. Subaru мен Daewoo Nexia жүргізушілеріне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар Ford Focus жүргізушісі мен оның екі жолаушысы да ауруханаға жатқызылды.

Жол апатына тап болғандардың айтуынша, Ford Focus көлігінің жүргізушісі мас болған.