Жеке парақшасында әнші ұлының сырқаты туралы айтып берді.
Мәдина Сәдуақасованың ұлы Таиланд вирусын жұқтырғаны рас па?
821
оқылды

Танымал өнер жұлдызы Мәдина Сәдуақасованың ұлы Таиландтан демалыс сапарынан келгеннен кейін қатты сырқаттанып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Massaget.kz жазғандай, өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, қазір баласының жағдайы тәуірленіп, бір қалыпқа түскен.

"Қайдасыз?" деп іздеп жатқан жандарға. Бізде бәрі жақсы, аман-есен Таиландтан келдік. Әнуар келген бойда қатты ауырды. Қазір баланың беті бері қарап, тәуір болды. Аллаға шүкір! Іздеп, уайымдап жатқандарыңызға рақмет. Ертеңнен бастап байланысқа шығамын.  Ешқандай Таиландский вирус емес, олардың симптомы басқа. Дәрігердің диагнозы: вирустық инфекция, катаральды тонзиллит, ИМС. Қазір жағдайы жақсарды", – дейді ол.