Қостанайда ерікті азаматтар тасқынға тосқауыл қойып жатыр. Мыңнан астам ерікті көмекке келді.
Қостанайға мыңнан астам азамат көмекке келді
806
оқылды

Қостанай әкімі Марат Жүндібаевтың айтуынша, шақыруынан кейін қостанайлықтар көмекке тез жиналды. 

Бір сағаттан кейін үлкен көпірге құтқарушы, полицей, мемлекеттік қызметші, коммуналдық қызмет саласының қызметкерлеріне көмекке жүздеген қала тұрғыны келді. Күрекпен көпірді нығайтуға атсалысты. Бұл туралы Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

 

«Шағала» жағалауында қазір Полиция департаменті, ТЖ департаменті, облыстық және қалалық мемлекеттік мекемелер мен басқармалардың, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері, ҚХА өкілдері, еріктілер жұмылдырылды.

 

Барлық күштер үлкен көпір арқылы мүмкін болатын толып кетуден болатын шығындарды азайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта ерікті көмекшілер мұнда дренажға арналған құбырларды орнатуда, құм төсеп, су тасқынының алдын алуға көмектесіп жатыр.