Әкесі мен баласы резеңкелі қорғаныс костюмдерін киіп, топан су басқан үйін тексеруге кеткен, содан бері олардың қайда екені белгісіз.
Су тасқыны: Құлсарыда бір отбасының екі бірдей мүшесі жоғалып кетті
Фото: arbatmedia.kz
890
оқылды
Құлсарыда екі ер адам – әкесі мен ұлы жоғалып кетті. Олар резеңкелі қорғаныс костюмдерін киіп, топан су басқан үйін тексеруге кеткен, бірақ әлі күнге дейін олардан хабар жоқ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Атырау облысының Құлсары қаласын Жем өзенінің тасуы салдарынан су басқан болатын. Салдарынан екі ер адам із-түзсіз жоғалып кетті. Телеарна дерегінше, әкесі мен баласы резеңкелі қорғаныс костюмдерін киіп, топан су басқан үйін тексеруге кеткен, содан бері олардың қайда екені белгісіз.

Телеарна ақпараты бойынша, 3 мыңға жуық үй мен объектіні топан су басқан. Кейбір жерлерде үйінен шығып үлгермеген адамдар бар, оларды құтқарушылар құтқарып жатыр. Ал аулалардан жүздеген үй жануары мен ірі қара мал шығарылып жатыр.

Өткен аптада Құлсарыда дүкендер, дәріханалар мен жанармай құю бекеттері жабылған болатын. Бүгінде бұл нысандардың басым бөлігі қайта жұмысын жандандырды.

«Құлсары қаласындағы жағдай үш күн бұрын ушығып кеткен болатын. Қазір су тартылып жатыр. Әлі де су шайып жатқан жолдар бар. Жалпы айтқанда, су деңгейі 40 сантиметрге, кей жерлерде 20 сантиметрге дейін төмендеген», – деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жантөре Демешов.