Ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиеваның айтуынша, су тасқынының белсенді кезеңі Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аяқталды.
Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды – министрлік
1,330
оқылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймаларындағы жағдайды баяндады. Ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиеваның айтуынша, су тасқынының белсенді кезеңі Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  ОКҚ-ға сілтеме жасап.

 

Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100%-ға толды, су тасқыны жалғасуда. Есіл өзеніне су ағынының қарқыны төмендеді.

«Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы орта есеппен 67%-ға толды. Шаған өзені деңгейінің көтерілгені байқалады, бүгінде Шаған су қоймасына ағын секундына 700 текше метр. Жайық өзенінде су тасқынының екінші толқыны күтіледі», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Ресейдің жедел мәліметтері бойынша, Ириклин су торабынан су жіберу секундына 1 342 текше метрге дейін төмендеді.

Шығыс Қазақстан облысындағы бес ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 62%, олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.