Сотта Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмединадан жауап алынды.
«Жалаңаш күйде видео түсіріп бер»: сотта Салтанат Нүкенованың құрбысы сөйледі
Фото: видеодан скрин
1,456
оқылды

Астанада әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Сотта Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмединадан жауап алынды. Ол құрбысының күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты. Айтуынша, Салтанатты күйеуі Қуандық Бишімбаев жалаңаш күйде видео түсіруге мәжбүрлеген.

«Сәуір айында мен отбасыммен демалысқа кеттім. Демалыстың бірінші күні түнде Салтанаттың хабарламаларынан ояндым. Ол қатты қорқып тұрды: «маған адвокат керек, мен бәріне дайын болуым керек. Ол мені ұрып-соқты, Айтымға суреттерімді жібердім. Ол келіп, Қуандық екеуі төбелесті. Одан бірнеше рет кеткім келген. Ол «отбасыңда менің сені ұрып-соққанымды дәлелдейтін суреттер бар, кейін маған қоқан-лоққы жасайсыңдар, мен сені жібермеймін. Кепілдік ретінде сен маған жалаңаш күйде видео түсіріп беруің керек» деп айтты деді. Мен одан «Сен оның айтқанын орындадың ба?» деп сұрағанымда, ол «иә, істедім, басқа амалым болмады» деп жауап берді», – деді Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина.