Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Қазақстанда 8 жаңа кәсіби мереке пайда болады
2,345
оқылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. 

Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;

- Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;

- Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;

- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;

- Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;

- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15008211.