Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы елордада элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына оқу-жаттығу жиынын бастады.
Әлем чемпионатына әзірлік басталды
1,000
оқылды

Оқу-жаттығу жиыны «Барыс Аренада» басталды. Оған шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған.

«Оқу-жаттығу жиынына ойын тәжірибесі жоғары хоккейшілердің барлығын шақыруға мүмкіндік туды. Алғашқы дайындыққа өз клубтарында маусымды аяқтаған ойыншылар келеді. Қалғаны Гагарин кубогы және Қазақстан чемпионаты плей-офф сатысындағы жарысын аяқтағаннан кейін қатарға қосылады», – деді бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиев.

Айта кетсек, шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы мамыр айында Астана қаласында Ресей және Беларусь құрамаларымен жол­дастық кездесу өткізеді. Елордада 2-4 мамыр аралығында Qazaqstan Hockey Open турнирі жалауын көтереді. Оған Қазақстан, Ресей және Беларусь құрамалары қатысады. Әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Топтық кезеңде ұлттық құрама АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польшамен сынға түседі.