Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі ауласындағы гүл егу жұ­мыс­т­арына белгілі ақын Ұлықбек Ес­дәулет, әнші-композитор Қадыр­ға­ли Көбентай, «Ұлт ұстазы» теле­хи­каясында Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдаған белгілі актер Бай­ға­ли Есенәлі және басқа да белгілі мә­дениет қайраткерлері ынта-ықы­ласымен атсалысты.
Музей ауласына гүл отырғызды
835
оқылды

Олар музей қызметкерлерімен бірге бұл жобаның қала өмірі үшін маңызын атап өтті. Аға буын атсалысқан бұл ізгі нау­қан «Ах­меттану» оқу орталығында та­ғы­лым­дамадан өтіп жатқан әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың 2-курс магистрант­тары мен музейде өндірістік тәжірибеде жүр­ген Абай атын­дағы ҚазҰПУ-дың 4-курс студент­тері­не үлгі болды. 

Гүл отырғызу сазды бағдарламаға ұлас­ты. Күйші Толғанай Қасенова күмбірлетіп күй тартса, әнші Ділназ Бердалиева жасыл желек отырғызу науқанына қатысу­шы­ларды қазақ әндерімен арқаландырып, жұмылған жұртшылыққа шабыт берді.

Шара соңында Алматы қаласы Му­зей­лер қауымдастығының директоры Ләз­зат Са­ғындықова барша қатысушы­лар­ға алғы­сын білдірсе, музей-үйінің же­тек­шісі, ах­мет­танушы ғалым Райхан Има­­ханбет қа­тысушыларға жазушы Дидар Аман­тайдың «Ахмет Байтұрсынұлы: тіл мұра­ты, болмыс философиясы» атты кіта­бы мен өзінің «Ғасыр саңлағы» әдеби туын­дысын сыйға тартты.

Естеріңізге салсақ, 8 сәуір күні шаһар әкімі Ерболат Досаев «Алматы – ортақ үйі­міз» акциясын бастаған болатын. 

Әділет АХМЕТ, 

Ахмет Байтұрсынұлы музей-

үйінің бө­лім меңгерушісі