Олар музей қызметкерлерімен бірге бұл жобаның қала өмірі үшін маңызын атап өтті. Аға буын атсалысқан бұл ізгі науқан «Ахметтану» оқу орталығында тағылымдамадан өтіп жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс магистранттары мен музейде өндірістік тәжірибеде жүрген Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 4-курс студенттеріне үлгі болды.
Гүл отырғызу сазды бағдарламаға ұласты. Күйші Толғанай Қасенова күмбірлетіп күй тартса, әнші Ділназ Бердалиева жасыл желек отырғызу науқанына қатысушыларды қазақ әндерімен арқаландырып, жұмылған жұртшылыққа шабыт берді.
Шара соңында Алматы қаласы Музейлер қауымдастығының директоры Ләззат Сағындықова барша қатысушыларға алғысын білдірсе, музей-үйінің жетекшісі, ахметтанушы ғалым Райхан Имаханбет қатысушыларға жазушы Дидар Амантайдың «Ахмет Байтұрсынұлы: тіл мұраты, болмыс философиясы» атты кітабы мен өзінің «Ғасыр саңлағы» әдеби туындысын сыйға тартты.
Естеріңізге салсақ, 8 сәуір күні шаһар әкімі Ерболат Досаев «Алматы – ортақ үйіміз» акциясын бастаған болатын.
Әділет АХМЕТ,
Ахмет Байтұрсынұлы музей-
үйінің бөлім меңгерушісі