Ақтөбе облысындағы қар­ғын судан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына Түркістан облысынан гума­нитарлық көмектің екінші легі жеткізілді.
Түркістаннан жылы киім жеткізді
950
оқылды

Бұл жолы «AMANAT» пар­тиясы Түркістан облыстық фи­лиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева өз атынан қолдау білдірді. 

Депутат 100 түйе жүн көрпе, 300 дана жылы күртеше мен бейсболканы пойызбен жеткізді. Гуманитарлық көмектің жалпы шығыны 8 млн теңге болған. Жаны жомарт әріптестерін пар­тияның облыстық филиалы ат­қарушы хатшысының орын­ба­сары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері күтіп алып, Қобда ауданына апарды. Киім-кешектер мен көрпелер аудан­дағы эвакуациялық пункттерге және тасқын судан зардап шек­кен өзге де ауыл тұрғындарына үлестірілді.

 

Қалыйма Жантөреқызы тас­қын судан зардап шеккен ақтө­беліктерге жылы сөзін арнап, қиындықты сабырмен еңсеруге шақырды.

«Осыдан екі жыл бұрын Түр­кістан облысының Мақтаарал ауданында болған тасқын судың салдарын жұрт болып жұмылып еңсерген едік. Биыл да үйлері суға кеткен ағайынның ауыртпалығын ел болып теңдей бөлісіп жатыр. «Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» деген, ынтымақ-бірлігіміздің арқасында бұл зауалды да еңсереміз. Ақтөбенің іргелі жұрты әлі талай қызықты күндерге, табысты сәттерге куә болады деп сенемін», – деді ол.